Демпартия белсенділері сайлау қарсаңында қысым күшейгенін мәлімдеді

Бірнеше күн бұрын Жаңаөзенде Демпартия жақтасы Мұратбай Жұмағалиев үйіннің алдында соққыға жығылған


13/10/2022
12:09 21957 0

Тіркелмеген оппозициялық Демократиялық партия белсенділері кезектен тыс президент сайлауы қарсаңында қысым күшейгенін мәлімдеді. 

 

Қамауда отырған партия лидері Жанболат Мамайдың жұбайы Инга Иманбай қысымның артында билік тұрғанын айтады. Оның сөзінше, сайлау алдында арандату күшейген. 

 

– Партия лидері Жанболат Мамай қамауда отырғанда жұбайы мені күндіз-түні аңдуға қойғаны аздай, Жанболаттың жақтастарын мені аңдуға үгіттеу, жоспарларымды білуге тырысу, маған қатысты ақпарат жинау сайлау алды арандатулардың болатынын анық көрсетуде. Өзін Демпартияның жақтасымын деп санайтын кез келген адамға жасалған қысым биліктен келіп отырған тапсырыс. Біз солай деп бағалаймыз. Демпартия жақсатарына, маған және Жанболат Мамайға үлкен қауіп төніп тұрғанын ескертеміз. Оны құзырлы органдардың, Тоқаевтың ісі екенін анық білеміз және алдын ала жариялаймыз, – дейді Иманбай. 

 

Белсенді Гүлнар Мирмамбетова Алматы қаласы бойынша экстремизммен күрес бөлімінің басшысы Мәулен Қасымжанның келіп, Инга Иманбайдың алдағы жоспарларын айтуды сұрағанын айтты. 

 

– Мәулен Қасымжан жұмыс жағыма келді. Жұмысыма келгеннен кейін сөйлестім. Ол жақсы атты болып көрінгісі келіп, әпкеме көмектесемін деді. Ақыр соңында біз доспыз ғой, Инганың алдағы жоспарлары қандай, сайлауда не істемекшісіздер деп менен бүкіл мағлұматты біліп алғысы келді. Күні кеше осы баспасөз мәслихатының анонсы шыққанан кейін Қасымжан маған тағы да хабарласты. Оның не деп жазғаны менде сақтаулы тұр, – деді Мирмамбетова. 

 

Сайлау қарсаңында белсенділер мен журналистерді қудалау күшейді. Кеше «Не дейді» ютуб арнасының журналсі Думан Мұхаммедкәрім «бейбіт жиын тәртібін бұзды» деген айыппен 15 тәулікке қамалды. Ол бұған дейін халықты президент сайлауына қарсы митингке шығуға үндеген. 

 

Осыдан бірнеше күн бұрын Жаңаөзенде Демпартия жақтасы Мұратбай Жұмағалиев үйіннің алдында соққыға жығылған.

Поделиться

Нет комментариев.

13/10/2022 12:09
21957 0

Уведомление