ДДСҰ коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны тіркемеді


18/01/2024
13:22 9549 0

Фото: primeminister.kz

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өндіріс циклы толық болмауына байланысты қазақстандық QazVac вакцинасын тіркемеді. Бұл жөнінде денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. 

 

– ДДСҰ мақұлдауы үшін толық өндіріс циклы сақталуы керек екенін талай айттық. Қазіргі кезде құю линиясының GMP-сертификаты (Good Manufacturing Practice – өнімге қойылатын белгілі бір талаптар) бар. Биомасса әзірленетін екінші кешен құрылысы аяқталып келе жатыр, – деді ол. 

 

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі QazVac вакцинасын ДДСҰ 2022 жылдың соңына қарай мақұлдайды деп мәлімдеген. Оны өндіретін зауыт 2021 жылы маусымда Жамбыл облысында іске қосылды. Оның құрылысына 9 млрд теңге бөлінген.

Пандемия кезінде Қазақстан билігі коронавирусқа қарсы QazVac екпесін де Қазақстанның өз ішінде пайдалануға рұқсат еткен. Сынақтың үшінші кезеңі аяқталмай жатып пайдалануға жіберілген бұл препараттың коронавируспен күрес тиімділігі 96 пайызды құрайды деп хабарланды.

Поделиться

Нет комментариев.

18/01/2024 13:22
9549 0

Уведомление