Daily Mail: Ауғанстанда тәліптер 12 жасар қыздарды секс құлдыққа салып жатыр

Олар қыздарды олжа көреді дейді журналистер


12/08/2021
11:25 36878 0

Фото: eadaily.com

 

Ауғанстанда тәліптер 12 жасар қыздарға үйленіп, секс құлдыққа салып жатыр дейді ағылшын басылымы Daily Mail. 

 

Редакцияның ақпаратына сенсек, тәліптер жаулап алған жердегі молдалардан 12–45 жастағы үйленбеген қыздардың тізімін сұратып жатыр. Әскерилер оларды соғыстағы олжа деп, сарбаздарына үйлендірмек. 

 

Кей қыз өлім жазасына кесілеміз деп қорқып қала, ауылынан қашып жатыр. 

 

Ауғанстан үкіметі мен тәліптердің билік үшін таласы биыл АҚШ әскері елден кеткеннен кейін қайта өршіді. Associated Press тәліптер елдің төрттен үшін жаулап алды дейді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

12/08/2021 11:25
36878 0

Уведомление