Чехия Ресейден жарылыстар үшін 25,5 миллион еуро өтемақы талап етті

Чех үкіметі 2014 жылы Врбетицеде болған жарылысқа Ресейдің қатысы бар дейді


29/06/2021
11:05 36522 0

Чехия Ресейден 2014 жылы Врбетицеде болған жарылыс үшін 25,5 миллион еуро төлеуді талап етті. Мұны «Новая газета» хабарлайды

 

Одан бөлек, Прага Ресейдің Чехияға санкция салғаны халықаралық құқықты бұзады дейді. 

 

2014 жылы Чехияның Врбетице ауылында оқ-дәрі қоймалары жарылып, екі адам қаза тапты. Онда Украинаға жөнелтілуі керек қару-жарақ сақталған екен. 

 

Прага бұған Ресейдің қатысы бар деп, оның екі азаматына іздеу салды, дипломаттарын еліне қайтарды, Мәскеу де чех дипломаттарын елден шығарып жіберді. 

 

Бірнеше мемлекет Ресей елшілігі қызметкерлерін еліне жөнелтіп жатыр. Себебін мына жерден біліңіз.

Поделиться

Нет комментариев.

29/06/2021 11:05
36522 0

Уведомление