Боранбаев сотта өзіне қысым жасалғанын айтты

Тергеу изоляторында оған бизнесіңді сат деген хаттар келген


02/03/2023
17:48 15526 0

Фото: Orda.kz

 

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы Қайрат Боранбаев ұсталғанда бизнес-активтерін сату ұсынылып, қысым жасалғанын, осыдан кейін тергеумен келісімге келуге мәжбүр болғанын айтты. 

 

 Мен бұл ұсынысты қабыл алдым. Себебі олар мені босатуға уәде берді. Амнистия мен шартты жаса беруге уәде етті. Мен компанияларыммен не болатынын ойлап, келістім. Мені алдап кетті. Көптеген компанияларыма тексеру жүргізіліп, қысым жасалды. Тергеу изоляторында отырғанымда ана активіңді сат, мына активіңді сат, барлық бизнес-активтеріңді сат деген хаттар келді, – деді Боранбаев сотта. 

 

Сот ісінде Боранбаевтың тергеумен келісімге келу туралы хаттамасы бар. Бірақ Қайрат Боранбаев та, Роман Наханов та кінәларын мойындамайды. 

 

Қайрат Боранбаевқа «QazaqGaz» ұлттық компаниясының газын сату кезінде 14, 5 миллиард теңге қаржы жымқырды деген айып тағылған. Ол кінәсін мойындамаса да мемлекетке аталмыш қаржыны қайтарып берген. Оның қорғаушылары қайтарылған қаржыны «тергеу кезінде анықталған даулы сомма» деп есептейді. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

02/03/2023 17:48
15526 0

Уведомление