Болат Назарбаевтың үстінен тергеу басталды

Нұрсұлтан Назарбаевтың інісінің үстінен экономикалық тергеу департаментіне арыз түскен


21/06/2022
10:24 30789 0

Фото: Ашық дерек көзден

 

Болат Назарбаевтың үстінен рейдерлік заңбұзушылық бойынша тергеу басталды. Бұл жөнінде журналист Михаил Козачков хабарлады. 

 

Козачковтың мәліметінше, 17 маусымда Алматы прокуратурасынан экономикалық тергеу департаментіне Болат Назарбаевтың үстінен «рейдерлік басып алу» ісі бойынша арыз түскен. 

 

Михаил Козачковқа Нұрша Кәкенов Болат Назарбаев пен оның бұрынғы бейресми әйелдерінің бірі Майра Құрманғалиеваның кәсібін тартып алғаны туралы айтқан. Бизнесменнің сөзінше, Назарбаев пен Құрманғалиева оның Karuan компаниясындағы үлесін тартып алған. Ол өзіне келген шығынды 150 миллион деп бағалаған. 

 

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың Қаңтар оқиғасы кезінде Дубайға ұшып кеткендігі жөнінде ақпарат тараған. Қазіргі уақытта оның қайда екенін дөп басып айту қиын. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

21/06/2022 10:24
30789 0

Уведомление