Бір күндік отставка. Смайылов қайтадан премьер-министр болып тағайындалды

Оны Қошанов ұсынып, Тоқаев қолдады


30/03/2023
12:23 19796 0

Фото: Ашық дереккөз

 

Смайыловтың кандидатурасын дауыс беруге қатысқан 97 депутаттың 82-і қолдады. 7 депутат қарсы, 8-і қалыс қалды. 

 

«ЖСДП» партиясының депутаты Нұрлан Әуесбаев Смайыловтың премьер-министр болуына қарсы екенін айтты. «Ауыл» партиясының депутаты Сегізбаев Смайыловтың кандидатурасын қолдап, үкіметке мүмкіндік беру керек деді.

 

Әлихан Смайыловтың кандидатурасын биліктегі «Аманат» партиясы ұсынып,  оны президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған. 

 

Кеше Тоқаев парламентте сөйлеген сөзінде «үкімет басшысын парламентте көпшілік дауыс жинаған партия ұсынатын болады және саяси жауапкершілік соның мойнында болады» деген. Бірақ жауапкершіліктің жүзеге асу механизмдері қандай екенін айтпады. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов та журналистерге оны түсіндіріп бере алмады. 

 

Смайылов отставкада бір күн болды. Оның үкіметі кеше таратылған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

30/03/2023 12:23
19796 0

Уведомление