Әбілязовтің тапсырысымен адам өлтірді деп айыпталған Тоқмади Тоқаевқа хат жазды

Қамаудағы бизнесмен Мұратхан Тоқмади президентке хат жазды


09/03/2022
12:12 37430 0

Фото: КазТАГ

 

Кәсіпкер Ержан Тәтішевті оппозициялық саясаткер Мұхтар Әбілязовтің тапсырысы бойынша өлтірді деп айыпталған қамаудағы бизнесмен Мұратхан Тоқмади президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды. 

 

Тоқмади хатында Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып тұрғанда осы ведомстрва қызметкерлері тарапынан қысым көргенін, салдарынан жасамаған қылмысын мойындауға мәжбүр болғанын айтқан. Мұратхан Тоқмадидің сөзінше, тергеу тобын ҰҚК полковнигі Руслан Ысқақов басқарған. 

 

 

— Азаптау, ұрып — соғу мен отбасыма және маған психологиялық қысым көрсету арқылы менің мойыныма 20  30 жыл бұрынғы қылмысты ілді, әйелімнің үстінен үш бірдей іс қозғады, туысымды қамады, жеке шоттарымды бұғаттады, бизенсіме кедергі жасады. Осылайша, маған кінәні мойындау құжатына қол қойдырды. Олардың маған қойған талабы: 1) 20042005 жылдары бұрынғы серіктесім С.А.Непропекинді бопсалауды; 2) Мұхтар Әбілязовтің тапсырысымен Ержан Тәтішевті өлтіру айыптарын мойындауым болды. Бірақ олар маған «бізге Непропекин керек емес, ол істің саяси астары бар екенін жасыру үшін қажет. Тіпті, бізге сен де керек емессің, бізге М.Ә керек» деп айтты,  делінген Тоқмадидің хатында.

 

Бұдан бөлек, Тоқмади хатында бес жылдан бері жасамаған қылмысы үшін қамауда отырғанын айтып, Тоқаевтан істі әділ қарауды сұраған.

 

Маған және менің отбасыма осыншама қайғы  қасірет алып келген бұл істі Кәрім Мәсімов бастаған ҰҚК қызметкерлері ойлап тапты және жүзеге асырды. Оларға Бас прокуратура, ІІМ мен сот қол қабыс етті. Олардың басты мақсаты Н. Назарбаевтың басты жауы  Мұхтар Әбілязовты экстадициялау болды. Бірақ олардың бұл ойы жүзеге аспады. Биылғы жылдың қаңтарында олардың барлығы қамауға алынды. Жасалған қылмыстардың барлығы жариялылыққа шығып жатыр. Жоғарыда айтылған фактілерді ескере отырып Конституцияның гаранты ретінде сізден менің ісімді қайта қарауды, кінәлілерді жазалауды, абыройым мен репутациямды қалпына келтіруді қамтамасыз етуіңізді сұраймын,  делінген хатта. 

 

Мұратхан Тоқмади 2017 жылы маусым айында ұсталып, қазан айында үш жылға сотталған. Сот оны заңсыз қару  жарақ сақтау және бопсалау айыптары бойынша кінәлі деп таныған. Кейіннен КТК телеарнасына берген сұхбатында Тоқмади БТА банктың бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевті Мұхтар Әбілязовтың тапсырысы бойынша өлтіргенін мойындаған. 2018 жылдың наурыз айында 10, 5 жылға сотталған. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

09/03/2022 12:12
37430 0

Уведомление