Белсендінің Тоқаевтың кандидатурасын тіркемеу туралы арызын сот қанағаттандырмады

Кеңес бөлмесінен оралған судья талап арыз қанағаттандырылмайтыны туралы шешім шығарды


18/10/2022
14:27 25014 0

Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде тіркемеу туралы белсенді Әлнұр Ильяшевтің арызын сот қанағаттандырмады.

 

«Азаттық» радиосының мәліметінше, Қазақстан Жоғарғы соты қоғам белсендісі, заңгер Әлнұр Ильяшевтің Орталық сайлау комиссиясы үстінен түсірген талап арызын қарауды 17 қазанда бастап, сол күні аяқтады. Судья Ирина Калашникова Қасым-Жомарт Тоқаевты алдағы мерзімінен бұрын президент сайлауына кандидат ретінде тіркемеуді талап еткен Әлнұр Ильяшевтің арызын қанағаттандырмады.

 

Сот кезінде Әлнұр Ильяшев президент қайтыс болса, президент науқас болса немесе оған импичмент жарияланса ғана заң бойынша мерзімінен бұрын сайлау өтеді деген уәжін айтты. 

 

– Мұның бірі де болған жоқ. Сондықтан Тоқаевта Қазақстанның өзге азаматтарының конституциялық құқығын бұзатындай себеп жоқ, – деген Ильяшев ОСК «Тоқаевтың кандидатурасын тіркемеуге тиіс» деп санайды.

 

ОСК өкілі Нариман Әлғожин іс басындағы президентті кандидат ретінде тіркеу заңға қайшы келмейтінін мәлімдеді. Прокурор ОСК өкілін қолдады.

 

Кеңес бөлмесінен оралған судья талап арыз қанағаттандырылмайтыны туралы шешім шығарып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын алып тастауға еш негіз жоғын айтты.

 

Әлнұр Ильяшев сот шешіміне келіспейтінін, шешімді алған соң үш күн ішінде шағым түсіретінін мәлімдеді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

18/10/2022 14:27
25014 0

Уведомление