Белсенділер Берлинде Жыланбаевты босатуды талап етті


17/01/2024
12:49 9762 0

Фото: Ашық дереккөзден

16 қаңтарда Берлинде Германия қазағы, суретші Раушан Толғанбаева және тағы екі адам түрмедегі белсенді, тіркелмеген «Алға, Қазақстан» партиясының жетекшісі Марат Жыланбаев және Қазақстандағы барлық «саяси тұтқындарды» босатуды талап етіп, акция өткізді. Бұл жөнінде құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook парақшасында жазды. 

Құқық қорғаушы жариялаған видеода үш белсенді «Тоқаев, Маратты босат!» (Toqayev, free Marat!) деп айқайлап тұрғаны көрінеді.

– Марат Жыланбаевқа бостандық! Біздің ұлттық мақтанышымыз бостандықта жүруге тиіс! Ол халықаралық дәрежеде танымал адам. Қазақстандағы барлық саяси тұтқындарға бостандық!, – деп айқайлайды белсенділер видеода. 

Ақпаратқа қарағанда, акция Берлиндегі Германия сыртқы істер министрлігінің ғимаратының алдында өткен. Видеода Раушан Толғанбаева Марат Жыланбаев туралы хатты Германия сыртқы істер министріне тапсыратынын айтады. Хат Германия сыртқы істер министріне жеткені-жетпегені белгісіз. 

Қазақстан соты былтыр қарашада «Алға, Қазақстан» тіркелмеген оппозициялық партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевты 7 жылға соттағанОған «экстремистік ұйымның ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» баптары бойынша айып тағылған. Жыланбаев пен жақтастары істің саяси астары бар деген.

Қазақстан билігі марафоншы Марат Жыланбаев шетелде тұратын оппозициялық саясаткер, ҚДТ қозғалысының лидері Мұхтар Әблязовпен байланысы бар деп санайды.

Астана Әблязовтың ҚДТ қозғалысын «экстремистік ұйым» деп танып, қызметіне тыйым салған. Еуропарламент ҚДТ қозғалысын «бейбіт оппозициялық ұйым» деп атайды.

Қазақстандық және халықаралық құқық қорғау ұйымдары Марат Жыланбаевтың «саяси тұтқын» деп таныған. 

Поделиться

Нет комментариев.

17/01/2024 12:49
9762 0

Уведомление