Белсенділер Қасым-Жомарт Тоқаевты сотқа берді

Олар сайлау туралы заңдағы өзгерістерге наразы


30/03/2021
10:59 44596 0

Талғат Аян мен Макс Боқаев. Фото: uralskweek.kz

 

Атырау белсенділері Макс Боқаев пен Талғат Аян сайлау туралы заңнамадағы түзетулерге қарсы шығып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сенат және Мәжіліс спикерін сотқа берді.

 

Ол түзетулерге сай, қазір мәслихаттарға тек партия мүшелері сайлана алады. Белсенділер осыған наразы: 

 

— Боқаев екеуіміз сайлау туралы заңнамаға 2018 жылы енгізілген өзгертулерді алып тастауды талап етіп арыз жаздық. Жауап берушілер — Қасым-Жомарт Тоқаев пен парламенттің екі палатасының спикері (Мәулен Әшімбаев пен Нұрлан Нығматулин — ред.).

 

Осы түзетулер Конституцияға қарама-қайшы келеді әрі азаматтарды партияға мүше не мүше емес деп алалайды. Негізгі заң әр адамның мемлекетті басқаруға қатыса алатына кепілдік береді. Ең кейін (10 қаңтарда — ред.) өткен мәслихат сайлаудың қорытындысын заңсыз деп тануды талап етпекпіз,дейді Аян Facebook парақшасында. 


Макс Боқаев пен Талғат Аян 2016 жылы Жер кодексіндегі өзгертулерге қарсы болып, митиңге шыққан. Содан кейін бірнеше айыппен бас бостандығынан айырылды. Осы наразылыққа не түрткі болып, нәтижесі қандай болды? Біздің материалдан оқыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

30/03/2021 10:59
44596 0

Уведомление