Белсенділер Арон Атабектің өлімі тәуелсіз зерттелсін дейді

Олар ақын нақты неден қайтыс болғанын білгісі келеді


25/11/2021
11:24 38913 0

Фото: azattyq.org

 

Белсенділер 24 қарашада қайтыс болған диссидент, ақын Арон Атабектің өліміне тәуелсіз сараптама жасалсын дейді. «Азаттық радиосы» олар ақын нақты неден көз жұмғанын білгісі келеді деп хабарлады. 

 

— Тәуелсіз сот медицина сараптамасын талап етеміз. Олар өздерінің сараптамасын жасайды. Бірақ сонымен қатар өзіміз тапқан тәуелсіз сараптаманы жасатқызуымыз керек. Негізгі сұрақтар: Ол кісі неден қайтыс болды? Денесінде улау белгісі бар ма? Ірі денелі адам кейінгі жеті айда сондай күйге жеткен. Неден болды? Қолын көтере алмай қалды. Құр сүлдері қалды. Салмағы 85 келі болған адам 50 келі болып қалды. Соның себебін сараптама арқылы анықтағымыз келеді, — деді Мұратбек Есенғазы. 

 

Арон Атабек ауруханада 68 жасында қайтыс болды. Жүрегі тоқтап қалған дейді дәрігерлер. 

 

Атабек 1 қазанда түрмеден денсаулығына байланысты ерте босап шыққан еді. Бірнеше күн өткеннен кейін коронавирус жұқтырып, ауруханаға жатқызылды. 20 қазанда оның қарындасы ағасы жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. 

 

Ақын 2006 жылы Шаңырақ оқиғасында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп 18 жылға сотталған еді.  Құқық қорғаушылар оны кінәсіз, саяси тұтқын дейді. 

 

Павлодар соты Атабекке бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, түрмеден шығарды. Оған ақынның айықпас дертке шалдыққаны түрткі болған.  

 

Арон Атабек кім, Шаңырақ оқиғасы не екенін мына жерден, ал саяси тұтқынның жай тұтқыннан не айырмашылығы барын мына жерден біліңіз.

Поделиться

Нет комментариев.

25/11/2021 11:24
38913 0

Уведомление