Белсенді Марғұлан Боранбаевтың түрмеде соққыға жығылғаны хабарлады

Билік оны жоққа шығарды


13/09/2023
15:48 12787 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Әлеуметтік желіде Өскемен қаласындағы түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтық белсенді Марғұлан Боранбаевтың соққыға жығылғаны жөнінде ақпарат тарады.  Бұл жөнінде белсенді Серікжан Мәмбеталин Facebook парақшасында жазды. Ол 8 қыркүйектен бері Боранбаевтан хабар ала алмай отырғанын мәлімдеді. 

 

Серікжан Мәмбеталиннің жазбасына Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Facebook парақшасында жауап берді. Онда ведомство тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтыны жөнінде мәлімдеген. 

 

– Тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Мекеменің медицина қызметкерлері сотталушыны тексерді. Сотталушы жазбаша түрде тараған ақпаратқа ешқандай қатысы жоғын растады. Мекеме әкімшілігіне ешқандай шағымы жоқ, – делінген ҚАЖК мәлімдемесінде. 

 

Билік орындары азаматтық белсенді Марғұлан Боранбаевты 2020 жылы күзде уақытша ұстау изоляторына қамап, кейін үйқамаққа ауыстырған. 2022 жылғы 14 наурызда Алматы қаласының Алмалы аудандық соты оны 2018 жылдан бастап әлеуметтік желіде «ұлтаралық және әлеуметтік араздық қоздыратын»«орыс ұлты өкілдерінің ұлттық ар-намысына тиетін жазбалар жариялағаны» үшін айыпты деп танып, бес жылға соттаған. Бұған қоса сот белсендіге БАҚ және телекоммуникация желісін пайдаланып қоғамдық-саяси қызметпен айналысуына үш жыл мерзімге тыйым салған.

Белсенді әлеуметтік желіде ресейлік шенеуніктердің Қазақстан жөнінде айтқан сындарына қарсы пікір білдіріп, Қазақстанның Ресеймен интеграциясына қарсы екен айтқан және Ресейдің Украинаға басқыншылығын сынаған. Боранбаев әлеуметтік желіде жазбаларды жазғанын мойындаған, бірақ өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеген.

2022 жылы шілде айында Алматының апелляциялық сот алқасы Боранбаевтың бірінші инстанциядағы сот үкіміне берген шағымын қанағаттандырмай тастады.

 

Поделиться

Нет комментариев.

13/09/2023 15:48
12787 0

Уведомление