Белсенді Марат Жыланбаев екі айға қамалды

Ол өзіне тағылған айыппен келіспейді


26/05/2023
12:24 12590 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Астанада марафоншы, белсенді Марат Жыланбаев екі айға қамалды. Оған «тыйым салынған ұйым жұмысына қатысу» және «экстремистік ұйым жұмысын қаржыландыру» баптары бойынша айып тағылған. Белсендінің өзі тағылған айыппен келіспейді. 

 

25 мамырда Астана қаласының тергеу соты тіркелмеген «Алға, Қазақстан» оппозициялық партиясының лидері Марат Жыланбаевты екі айға қамауға үкім етті. Ол 3 мамырда 2тәулікке әкімшілік қамауға алынған. 

 

Марат Жыланбаевқа ҚР ҚК 405-бабы «сот тыйым салған ұйым жұмысына қатысу» және 258-бабы «террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру» бойынша айыптар тағылған. Сот онлайн өткен. Судья процеске айыптаушы прокурор, Жыланбаевтың өзіне және адвокатына қатысуға ғана рұқсат берген. Істі судья Георгий Моисеев қараған. 

 

Тергеу органының қаулысында Марат Жыланбаевтың Қазақстан билігі экстремистік ұйым деп таныған ҚДТ «ДВК» (Еуропарламент бейбіт оппозициялық ұйым деп атаған) қозғалысы мен қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әбілязовпен байланыста болғаны жөнінде айтылған. 

 

Марат Жыланбаев сотта өзіне тағылған айыптардың ешқайсымен келіспейтінін айтқан. 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

26/05/2023 12:24
12590 0

Уведомление