Беларусьтің Жоғарғы соты Тихановскаяның сайлау нәтижесіне қатысты арызын кері қайтарды

Президенттіктен бұрынғы үміткер ОСК үстінен шағымданған еді


26/08/2020
11:52 47668 0

Фото дереккөзі: politring.com

 

Беларусьтің Жоғарғы соты Орталық сайлау комиссиясы президентті сайлаудың нәтижесін бұрмалаған деген шағымды кері қайтарды. Арызды президенттіктен бұрынғы үміткер Светлана Тихановская берген еді. Бұны ТАСС хабарлады.

 

Сонымен қатар сот шешімге наразылық танытып, шағым жасауға болмайды деді.

 

Бұрын дәл осындай арызды президенттіктен үміткер болған Андрей Дмитриев пен Анна Канопацкая берген еді. Жоғарғы сот оны да кері қайтарған. 

 

9 тамызда Беларусьте президентті сайлау өтті. ОСК хабарлауынша, оны елді 26 жыл бойы басқарған Александр Лукашенко ұтқан. Көптеген азамат бұл жалған деп, жаппай наразылыққа шығып жатыр.

 

Поделиться

Нет комментариев.

26/08/2020 11:52
47668 0

Уведомление