Беларусь өз аумағына Украина зымыраны құлағанын хабарлады

Украина билігі ресми Минск мәлімдемесіне жауап берген жоқ


30/12/2022
10:36 38114 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Беларусьтің БелТА ақпарат агенттігі 29 желтоқсанда ел аумағына Украинаның С-300 зымыраны құлағанын хабарлады. 

 

Агенттік мәліметінше, зымыранның құлағаны жөнінде Беларусь президенті Александр Лукашенкоға бірден хабарланған. Ол тергеу комитеті мен қорғаныс министрлігіне зымыранның құлау себебі мен салдарын анықтауға тапсырма берген. 

 

Беларус қорғаныс министрлігі зымыран қалдықтары Брест облысына қарасты Горбах ауылының маңынан табылғанын мәлімдеді. Олар зымыран Украина аумағынан ұшып келген деп есептейді. 

 

Зардап шеккендер жөнінде ешқандай ақпарат жоқ. Украина билігі ресми Минск мәлімдемесіне жауап берген жоқ. 29 желтоқсанда Киев Ресейдің Украина аумағын тағы атқылағанын хабарлаған. 

 

Еуропаның соңғы диктаторы саналатын Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путиннің одақтасы саналады. 

Поделиться

Нет комментариев.

30/12/2022 10:36
38114 0

Уведомление