Беларус оппозициясының көсемі Мария Колесникова 11 жылға түрмеге қамалды

Оған «мемлекеттік билікті басып алу үшін астыртын сөз байласты» деген айып тағылды


06/09/2021
16:51 35343 0

Фото: bbc.com 

 

6 қыркүйекте Минск соты Беларус оппозициясы көсемдерінің бірі Мария Колесникованы 11 жылға, оның жақтасы әрі заңгері Максим Знакты 10 жылға түрмеге жапты. Мұны BBC хабарлайды

 

Екеуіне: 

 

  • ұлт қауіпсіздігіне қарсы әрекет етуге үгіттеді;
  • экстремист топ құрды;
  • мемлекеттік билікті басып алу үшін астыртын сөз байласты деген айыптар тағылды. 

2020 жылғы 9 тамызда президент сайлаудан кейін Беларуста жаппай наразылық басталған еді. Наразылар сайлау қорытындысы бұрмаланғанына, Светлана Тихановская емес, Александр Лукашенко президент болғанына қарсы шықты. 

 

Мария Колесникова — беларус оппозициясының басты тұлғаларының бірі. Кандидат Виктор Бабариконың штабын басқарды. Полиция Бабариконы тұтқындағанда Светлана Тихановская, Вероника Цепкало мен Мария Колесникова бірігіп, үлкен сайлауалды кампания ұйымдастырды. 

Сол жылғы 8 қыркүйекте күш құрылымдары Колесникованы елден шығарып жібермек болды. Бірақ саясаткер құжатын жыртып тастап, Беларустан кетуден бас тартты. Ертеңіне ол тұтқындалып, тергеу изоляторына қамалды. 

Поделиться

Нет комментариев.

06/09/2021 16:51
35343 0

Уведомление