Беларусь астанасы Минскте әйелдер полициядан жәбір көрген наразыларды қолдап, бір қатарға тұрды

Ресми деректер бойынша, наразылықтардағы полициямен қақтығыста кемінде 500 адам жарақаттанып, кемінде екі адам қаза тапқан.


13/08/2020
11:18 47913 0

Фото дереккөзі: bykvu.com

 

12 тамызда Минскте Комаровский базарының алдында 200-ден астам ақ қиген әйел қолдарына ақ және қызыл раушан алып, сапқа тұрды. Осылайша олар наразылықтарда жарақаттанғандарды қолдап, полиция зорлығына қарсы шықты. Бұны «Дождь» телеарнасы хабарлады

 

Мұндай акция Белорусьтың басқа қалаларында — Лид, Жодин, Гомель, Гроднода — болды. Акцияға шыққандарды Минсктің басқа аудандарындағы әйелдер де қолдады. 

 

Нарызылар бір сапқа тұрумен шектелмей, қалада марш ұйымдастырды. Ал оларға өтіп бара жатырған көлік жүргізушілер сигнал беріп, қолдау білдірді. 

 

Кем дегенде екі қалада — Гродно, Гомельде — әйелдерді полиция ұстап әкеткен

 

9 тамызда Беларусьта президентті сайлау өткен еді. Ресми дерек бойынша, елді 26 жыл билеген Александр Лукашенкоға сайлаушылардың 80 %-ы, оның басты қарсыласы Светлана Тихановскаяға 10 %-ы дауыс берген. Азаматтардың көбі бұл қорытындымен келіспей, жаппай митиңге шыға бастады. Наразылар сайлау нәтижелері бұрмаланған дейді. Ел билігінің мәліметінше, наразылық кезінде 6 мыңнан астам адам ұсталған. Полициямен қақтығыста кемінде 500 адам жарақаттанып, кемінде екі адам қаза тапқан.

 

Поделиться

Нет комментариев.

13/08/2020 11:18
47913 0

Уведомление