Бекшін: Вакцинация құжатын сатып алғандар вакцина салдырам десе, ақысын төлеуі керек

Алматының бас санитар дәрігері азамат жалған құжат сатып алса да, екпеден қағылмауы керек дейді


17/08/2021
15:20 35477 0

Фото: inbusiness.kz

 

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшін вакцинация құжатын сатып алғандар екпе салдырарда ақысын төлеуі керек дейді. 

 

«Мұны жұрт та айтып жатыр, мен де солай ойлаймын. Себебі олар шығын келтірді. Біріншіден, олар вакцина салдырмады, екіншіден, құжат сатылғанда вакцинаны төгіп отырды. Сондықтан олар екпе ектірерде ақысын төлеуге тиіс деп есептеймін», — деген Бекшін 17 тамыздағы брифиңде. 

 

Санитар дәрігер екпе салдырғаны туралы құжатты сатып алған адам екпеден қағылмауы, бірақ ақысын төлеуі керек дейді. 

 

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдыру тегін. Елде әзірге ақылы екпе салдыру тәртібі жоқ. 

 

Полиция жыл басынан бері жалған вакцинация паспортын жасау туралы 50 шақты іс қозғалғанын айтты

 

Қазақстанда жалған құжат жасатқандар Қылмыстық кодекстің 385-бабына сай төрт жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. 

Поделиться

Нет комментариев.

17/08/2021 15:20
35477 0

Уведомление