Байқоңырда тыныштық орнайтын күн: 24 қазанда неге зымыран ұшырылмайды?
Жыл сайын 24 қазанда Байқоңырда жұмыс саябырлап, тыныштық орнайды.
«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұл күні зымыран техникасын сынау кезінде қаза тапқан инженерлердің, конструкторлардың және әскери мамандардың рухына тағзым етіледі. Сондықтан 24 қазан «Тыныштық күні» деп аталады.
1960 жылғы 24 қазан
Р-16 құрлықаралық баллистикалық зымыранын алғашқы сынаққа дайындау кезінде екінші сатысының қозғалтқышы рұқсатсыз іске қосылып, жарылыс болған. Салдарынан 78 адам қаза тапты. Олардың арасында мемлекеттік комиссия төрағасы, артиллерия маршалы Митрофан Неделин де бар.
1963 жылғы 24 қазан
Р-9А құрлықаралық баллистикалық зымыранының оқу-жаттығу үлгісімен жұмыс істеу кезінде шахталық ұшыру қондырғысында өрт шығып, сегіз адамның өмірін қиды.
Бүгінде Байқоңырдағы Р-16 зымыранының бұрынғы ұшыру алаңында сынақ кезінде қаза тапқандардың есімдері жазылған ескерткіш орнатылған.
Осы қайғылы оқиғалардан кейін 24 қазан ғарыш саласындағы қаралы күнге айналды. Бұл күні Байқоңырдың ұшыру кешендерінде техникалық жұмыстар жүргізілмейді, зымырандар ұшырылмайды. Ғарыш айлағының қызметкерлері мен қала тұрғындары қаза тапқандар жерленген бауырластар зиратына барып, бір минут үнсіздікпен еске алады және гүл қояды.
15:32
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.