Batyr jamal мен Wolt компаниясы қайырымдылық акциясын жариялады

Жиналған қаржының барлығы ARASHA қорының есеп-шотына аударылады


09/03/2022
16:44 35963 0

Batyr jamal мен Wolt тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек ретінде жылу жинауда. 

 

Batyr jamal тәуелсіз басылымы мен Wolt компаниясы бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау мақсатында қайырымдылық акциясын жариялады. Wolt өз қосымшаларында (предложения) қайырымдылық үшін арнайы бөлім ашты. Акция наурыздың 15-іне дейін болады (қажет болған жағдайды ол наурыздың соңына дейін созылуы мүмкін). Жиналған қаржы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсететін ARASHA қорының есеп-шотына аударылады. 

 

Жиналған қаржыға байланысты барлық ақпарат @wolt.kazakhstan және @batyrjamal. инстаграм парақшаларында жарияланады. 

 

 Жыл сайын тұрмыстық зорлық-зорлық зомбылықтан мыңдаған ана мен бала зардап шегуде. Балалар мен аналар физикалық, экономикалық, сексуалдық және психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырауда. Бұл адамдарға қауіпсіз баспана қажет. Оларға көмектесетін қоғамдық қорлар мен ұйымдардың өзіне қаржылай көмек қажет,  дейді ұйымдастырушылар.

 

Поделиться

Нет комментариев.

09/03/2022 16:44
35963 0

Уведомление