Бас прокурор Тоқаев айтқан 20 мың террорист жөнінде түсініктеме берді

Бас прокуратура әкімшіліктерді өртегендердің барлығын террорист деп есептейді


05/01/2023
17:03 21333 0

Фото: Sputnik Kazakhstan

 

Бас прокурор Берік Асылов Қаңтар оқиғасы кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан 20 мың террорист пен басы кесілген полиция қызметкері  жөнінде мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, Қаңтар оқиғасы кезінде жалған ақпарат тараған, тексеру барсында басы кесілген полицей жөніндегі дерек расталмаған. 

 

– Қаңтар оқиғасы кезінде әртүрлі ақпарат тарады, оның ішінде жалғаны да бар. Ойлап көріңізше, 8 қала, әкімшіліктер өртеніп жатыр. Әртүрлі дереккөзден, әртүрлі ақпарат келді. Оның ішінде жалған ақпараттар да бар. Біз кесілген бас жөніндегі ақпаратты тексердік. Бірақ бұндай деректі анықтамадық, – деді Асылов. 

 

Бас прокурор президент Тоқаев айтқан 20 мың террорист пен шетелдік бандиттер жөнінде: 

 

– Мен сіздерге айтайын, террорлық акт жасаған азаматтардың барлығы террорист деп есептеледі. Оның сақалды болып, автомат асынып жүруі міндетті емес. Террористер өздерін ресми террористпіз деп атаған жоқ. Біз олардың іс-әрекетін, өртеп, әкімдіктерді қиратқанын террорлық акт деп есептейміз және оларды террорист деп есептейміз, – деді Асылов. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

05/01/2023 17:03
21333 0

Уведомление