Бас прокуратура: Қазақстанда азаптау 57% төмендеді

Қанды Қаңтар кезінде 10 мыңнан астам адам ұсталып, оның 70% азапталған. Бірақ азаптау бойынша істердің басым көпшілігі тоқтатылған


08/11/2023
13:24 10835 0

Көрнекі сурет. Фото: Ашық дереккөзден

 

Соңғы тоғыз айда Қазақстанда азаптау фактісін тіркеу 57% төмендеген. Бұл жөнінде бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

 

– Мемлекет басшысының бейне бақылау орнатуға байланысты тапсырмасының орындалуына тексеру жүргіздік. ІІМ тапсырмалар берілді. ІІМ мен аймақтық полиция департаменттерінің 19 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қосымша 4 мың камера орнатылды. Бұның барлығы профилактикалық жағанын оң ықпал етті. Биылғы жылдың тоғыз айында азаптау тіркеу 57% (722-ден 314-ке) төмендеген, – деді бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы Ризабек Ожаров. 

 

Оның сөзінше, сотқа жіберілген істердің саны төрт есе өскен. 

 

– 107 азаматты азаптаған 40 күштік құрылым қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 1адам сотталды,  деді Ризабек Ожаров. 

 

Ризабек Ожаровтың пікірінше, 2023 жылдың тоғыз ай бойынша прокурорлардың қарауында 500 қылмыстық іс бар. 

 

Қазақстандық құқық қорғаушылар 2022 жылғы Қанды Қаңтар кезінде 10 мыңнан астам адам ұсталып, оның 70% азапталғанын айтқан. Бірақ азаптау бойынша істердің басым көпшілігі тоқтатылған. Құзырлы органдар, оның ішінде прокуратура мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі істердің тоқтауын дәлелдердің жетіспеушілігі мен күдіктілердің анықталмауымен түсіндірген. Азапталған азамат тергеу кезінде заң бұзушылықтар болғанын айтқан. 

Поделиться

Нет комментариев.

08/11/2023 13:24
10835 0

Уведомление