Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасына 12 қылмыстық ұйым қатысқан

Бас прокуратура Қаңтар оқиғасына 12 қылмыстық топ қатысқанын, әуежай полициясының бастығы қамалғанын мәлімдеді


11/04/2022
16:28 35494 0

Бас прокуратура өкілі Елдос Қилымжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді. Онда ол Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу деректерімен бөлісті. 

 

— Арнаулы прокурорлар тәртіпсіздікке 12 қылмыстық ұйым қатысқанын анықтады. Оның ішінде "Дикий Арман" аталып кеткен Арман Жұмагелдиев, "Қазақсандық" және "Айшуақ - Жантүгел" қылмыстық топтары белсене араласқан. Қылмыстық топтардың 23 мүшесі мен 4 қылмыстық "авторитет" қамауға алынды, —  деді Қилымжанов.

 

Қилымжановтың сөзінше, «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айыппен 547 адам күдікті санатына қосылып, 269 адам қамауға алынған.

 

Қилымжанов мұнан өзге, Қаңтар оқиғасы кезінде "Анна" қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, Алматы әуежайына, Алматы қаласының Алмалы аудандық полиция департаментіне «шабуыл» жасаған адамар ұсталғанын мәлімдеді, бірақ олардың аты-жөндерін айтпады.

Поделиться

Нет комментариев.

11/04/2022 16:28
35494 0

Уведомление