БАҚ: Тоқаев Алматыда жүр

Қазір қалада бірнеше әскери ұшақ ұшып жүр, әлжеліде тараған видеода Rixos қонақүйіне үлкен кортеж барғаны көрініп тұр


12/01/2022
13:51 32618 0

Фото: adyrna.kz

 

UPD: Тоқаев шынымен Алматыға келген. Мұны оның баспасөз хатшысы Tengrinews-ке растады. 

 

«Президент Алматыда екенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ қаза тапқан полиция, әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындары, әскери қызметкерлермен кездесіп, көңіл айтып, наградалар табыс етті», — деген Берік Уәли.

 


 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда жүр. Мұны органдардағы дереккөздеріне сүйенген Vласть хабарлады. 

 

Қазір қалада бірнеше әскери ұшақ ұшып жүр, әлжеліде тараған видеода Rixos қонақүйіне үлкен кортеж барғаны көрініп тұр.  

 

Vласть президенттің баспасөз қызметі «Тоқаев Алматыда ма» деген сұраққа жауап бермей отыр, бірақ күш құрылымдары мен президент әкімшілігіндегі төрт дереккөз журналистердің болжамын растады дейді.

Поделиться

Нет комментариев.

12/01/2022 13:51
32618 0

Уведомление