БАҚ құралдарын «қолтырауынға» теңеген «зебра» емес депутат кешірім сұрады

Самат Нұртаза журналистерді жазғырды


10/05/2023
14:55 16421 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

БАҚ құралдарын «қолтырауынға» теңеген «Аманат» партиясының депутаты Самат Нұртаза кешірім сұрап, журналистерді «депутаттарды алалайды» деп жазғырды. 

 

– Кейбір журналистер хайп қуады. Сіздер депутаттарды бөліп-жарасыздар. Бір жарым ай өтті. Менің байқағаным, сіздер кейбір депутаттардан бірнеше рет сұхбат аласыздар да, кейбірінен мүлде алмайсыздар. Сіздер бөліп-жарасыздар. Сол себепті хайуанаттар әлемімен салыстырдым. Кешірім сұра десеңіздер, кешірім сұраймын. Сәтсіз қалжың екенін мойындаймын. Сіздердің қалжың түсінбейтіндеріңізді түсіндім, – деді депутат журналистерге.

 

Депутат Самат Нұртаза журналистердің «сіз өзіңізді зебраға теңейсіз бе?» деген сұрағына жоқ деп жауап берді. Ол бұған дейін facebook желісінде журналистер мен су жағасында зебраларды аңдығын қолтырауындарды салыстырып жазба қалдырған. Кейіннен ол жазбасын өшіріп тастаған. 

Поделиться

Нет комментариев.

10/05/2023 14:55
16421 0

Уведомление