БҰҰ Беларусь билігінің наразыларға жәбір көрсетуін сынады

Сонымен қатар мемлекетті ұсталғандарды дереу босатып, қатты жапа шеккендерге өтемақы беруге үндеді


14/08/2020
11:05 42378 0

Фото дереккөзі: dw.com

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Адам құқықтары жөніндегі бас комиссары Беларусь билігінің наразыларға қарсы қолданған зорлық әрекеттерін сынға алды. Бұны Deutsche Welle хабарлады.

 

— Беларусь билігіне озбыр азаматтар мен бейбіт шеруге шыққан азаматтарды ажырата

білуге, бейбіт халыққа күш қолданбау керектігін ескертемін, — делінген бас коммисар Мишель Бачелеттің мәлімдемесінде

 

Сонымен қатар ол президентті сайлаудың алдын ала жарияланған қорытындысын күмәнді деп, «азаматтардың онымен келіспей, өз пікірін айтуға хақы бар» екенін айтты. 

 

Беларусьта милиция үш күн ішінде 6 мыңнан астам наразылар ұстаған. Ол жақтан келіп жатқан хабарларға сенсек, олардың арасында наразылыққа еш қатысы жоқ адамдар, шетелдіктер, журналистер мен кәмілетке толмағандар да бар. Қамаудан шыққан жүздеген адам милициядан қорлық көргенін айтып жатыр

 

Бачелет Беларусьті ұсталған наразыларға жәбір көрсетуді тоқтатуға, оларды дереу босатуға, адам құқықтары бұзылғаны жайлы арыздарды әділ қарауға, пікірін бейбіт түрде айтамын деп қатты жапа шеккендерге өтемақы беруге үндеді.

 

9 тамызда Беларусьте президентті сайлау өтті. Алдын ала шыққан қорытынды бойынша, сайлаушылардың 80 %-ы елді 26 жыл билеген Александр Лукашенкоға, 10 %-ы оның басты қарсыласы Светлана Тихановскаяға дауыс берген. Азаматтардың көбі нәтижелер бұрмаланған деп, назарылыққа шығып жатыр.

Поделиться

Нет комментариев.

14/08/2020 11:05
42378 0

Уведомление