Азиада мәресіне жетті: Қазақстан қандай нәтиже көрсетті

Қазақстан құрамасы Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарысын аяқтады.


04/10/2026
09:07 0

Ұлттық құрама сапынан соңғы болып ат спортының өкілдері өнер көрсетті. 4 қазанда биіктігі 1,50 метрге дейінгі кедергілер қойылған А санатындағы жеке конкурдың финалдық кезеңінің екінші айналымы өтті.

 

Олег Соколенко Cinderella атты атымен 14-орынға ие болды. Нұрила Тұрысбекова Quibelle Van D’Abelendreef атты атымен екінші айналымда жарыс жолын аяқтай алмады.

 

Алтын медальді Qapella атымен өнер көрсеткен Катар спортшысы Фалех Аладжами жеңіп алды. Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Абдулла Альмхейри Hudson de Vains атты атымен екінші орын алды. Қола жүлде Сауд Арабиясының спортшысы Халед Альмобтиге Diana du Plevau Z атты атымен бұйырды.

 

Азиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 84 медаль жеңіп алды. Оның 12-сі – алтын, 24-і – күміс, 48-і – қола.

 

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы сегізінші орынға тұрақтады. Бұл – 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарындағы нәтижемен салыстырғанда үш саты жоғары көрсеткіш.

Поделиться

Нет комментариев.

04/10/2026 09:07
0

Уведомление