Азаттық радиосы: Өзбекстанда президент Мирзиёевқа құпия түрде резиденция салынған

Кешен құны — жүздеген миллион доллар


24/02/2021
17:20 46165 0

Фото: rambler.ru

 

Өзбекстанда президент Шавқат Мирзиёевқа құпия түрде өте қымбат тау курорты мен су қоймасы салынған. Мұны «Азаттық радиосының» Өзбек қызметі өз зерттеуінде айтады

 

Құрылыс 2017 жылы басталып, 2018 жылы аяқталған. Кешен Ташкенттен 100 шақырым жерде, ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне кіретін Өгем-Шатқал табиғи паркінде орналасқан. Журналистер ол жер Өзбекстанның ұшақ, көлікпен баруға тыйым салынған аймақтар қатарына кіреді дейді. 

 

Кешеннің суреті жоқ. Бірақ Google Earth картасынан онда резиденцияға ұқсайтын ғимарат, парк, бау-бақша, ұшақ қонатын алаң мен қолдан жасалған су қоймасы бар екені көрінеді. 

 

Ашық дереккөздерде курорт не үшін салынғаны туралы еш ақпарат жоқ. Биліктегілер де құрылыс не үшін жасалып жатқанын, оған қанша қаражат кеткенін айтпаған. Су қоймасын салған Topalang Water Construction бұл объектіні стратегиялық объект деген. Әртүрлі дерек бойынша курорттың құны жүздеген миллион доллар болуы мүмкін. 

 

Бұрын ресейлік оппозиционер Алексей Навальный президент Вламидир Путиннің Қара теңіз жағасында «жасырын сарайы» бар деп зерттеу шығарған. Одан бұрын түрік БАҚ-тары Түркияда Нұрсұлтан Назарбаевтың қонақүйі мен сарайы барын жазған еді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

24/02/2021 17:20
46165 0

Уведомление