Қазақстанның тәуелсіз басылымдары Лұқпан Ахмедияровтың босатылуын талап етті

Редакциялардың ортақ мәлімдемесі


03/02/2021
16:48 45057 0

Биыл қаңтардың аяғында прокуратура «Орал апталығының» бас редакторы Лұқпан Ахмедияровтың үстінен Қылмыстық кодекстің 423-бабымен («Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету») іс қозғады. 

Оған журналистің Оралдағы жер телімдерінің заңсыз берілуі туралы мақаласы түрткі болған: бұл материалда прокуратура қызметкерінің аты аталды. Содан кейін Лұқпан бірнеше рет тергелді, ал 3 ақпанда полиция оны Атырауға барар жолда ұстап әкетті.  

Біз Батыс Қазақстанның құқық қорғау органдары Лұқпан Ахмедияровты саяси себептерге байланысты қудалап отырғанына сенімдіміз. Олар осылай журналистің ауызын жаппақ. 

Ахмедияров тек өз жұмысын жасады — журналистік зерттеу жүргізді, оның нәтижесін жариялады. Оған қоса, Лұқпан шығарған мақалада ел билігі күресіп келе жатқан сыбайлас жемқорлық туралы сөз болды. 

Лұқпан Ахмедияров пен «Орал апталығы» — Қазақстанның тәуелсіз медиаларының бірі —  бұрын да қудаланған. Біз мұны елдің тәуелсіз БАҚ-тарын қысымға алу деп білеміз және бұл қысым дереу тоқтатылсын дейміз. 

Құқық қорғау органдары БАҚ жұмысына араласпауға тиіс, ал журналистердің жұмыс істеуіне: зерттеу жасау, жемқорлық барын жариялау, шенеуніктердің ісіне күмәнмен қарауға мүмкіндік берілуі керек. 

Лұқпан Ахмедияровты қудалау — заңсыз іс. Оны тез арада босатуын талап етеміз. 

Мына редакциялар қол қойды: 

Vласть

«Медиазона Орталық Азия»

masa.media 

The Village Казахстан 

Factcheck.kz

ProTenge 

«За нами уже выехали»

The Qazaq Times

Поделиться

Нет комментариев.

03/02/2021 16:48
45057 0

Уведомление