Қазақстанның бітімгер күштері Таяу Шығыс пен Африкаға барады


19/01/2024
11:43 9529 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Парлемент Қазақстанның бітімгер әскерін Таяу Шығысқа жіберуді мақұлдады. 430 сарбаз Голан жотасы мен Оңтүстік Судандағы БҰҰ бітімгерлік миссиясына қатысады. 

 

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың сөзінше, БҰҰ Қазақстанға өз бетінше бітімгерлік миссиясын жүргізуге рұқсат берген. Қазақстан бітімгерлерінің міндеті – аудандарды бақылау және коммендант қызметін атқару. 

 

Қазақстан әскері қатысатын бітімгерлік миссиялар: 

 

  • «БҰҰ-ның Голан жотасындағы қарусыздану жөніндегі бақылаушы күштері» (UNDOF, Сирия – Израиль);
  • «Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімге келу шарттарын орындауды бақылау органы» (UNTSO, Палестина – Израиль);
  •  «БҰҰ-ның Оңтүстік Судандағы миссиясы» (UNMISS, Оңтүстік Судан);
  • «БҰҰ-ның Абьее-дегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі уақытша күштері» (UNISFA, Судан).

 

Руслан Жақсылықовтың айтуынша, 2014 жылдан бері 67 қазақстандық офицер БҰҰ-ның Батыс Сахара, Мали, Кот-д'Ивуар, Орталық Африка республикасы мен Ливандағы миссияларына әскери байқаушы және штабтық офицер ретінде қатысқан. 2018 жылдан бері 538 қазақстандық әскери қызметкер "БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері" миссиясының құрамында болған.

Қазір қазақстандық 6 офицер – Батыс Сахарада, 2 офицер – Орталық Африка Республикасында, 2 офицер – Конго демократиялық республикасында, 9 әскери қызметкер Ливанда қызмет етіп жүр.

 

 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

19/01/2024 11:43
9529 0

Уведомление