Қазақстанның бейбіт жиналыстар туралы заңы халықаралық құқыққа сай емес. Неліктен?

Құқық қорғаушы Роман Реймердің бағанасы


26/07/2020
11:36 5347 0


 

Ежелгі грек мифологиясы қызық кейіпкерлерге толы. Маған ең қатты ұнайтыны — Мидас патша. Ол қолына тиген кез келген затты алтынға айналдыра алады.  

 

Ал мына жақта қазақстандық билеушілер кез келген жақсы идеяны — төтенше жағдай мен карантин кезінде берілетін жәрдемақы, астанадағы LRT құрылысы немесе азаматтық қоғамның дамуына үлес қосар маңызды заңдарды — циркке айналдырады. 

Қазақстан билігі — бұл «Анти-Мидас» жүйесінің жинақтама образы. Қолы тиген кез келген нәрсені басқа бір затқа айналдыра алады.

Бұған керемет дәлел — «Бейбіт жиналыстарды өткізу туралы» заңды жасауы, қабылдауы және оған қол қоюы. 

Заң 2020 жылдың 6 маусымында өз күшіне еніп, мемлекет бейбіт жиналыстарды құқықтың көмегімен қадағалап отыратын жаңа кезеңге аяқ басты. Өкінішке қарай, либерал болады деген бөлімдері еш өзгермеді:

  • Азаматтар әкімшілік жауапқа тартылады. Жаңа заңның «ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы заңнамасын бұзу» деп аталатын 488-бабында тармақ саны бұрынғыдай үш емес, 12. Осылайша тәртіп сақшылардың құзыреті артады. 
  • Бейбіт жиналыс өткізу туралы өтініште ол туралы толық ақпарат (қозғалыс бағыты, кім қаржы бергені) көрсетілмеген деген желеумен жиналысты өткізуге рұқсат бермейді. 

Қысқаша айтқанда, билік қоғамды тағы да сан қақтырды. 

Дегенмен де заңның қайтадан қаралу тарихына көз шалмасқа тағы болмайды. 

БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРІП ОТЫРДЫ?

2019 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық стандарттарға, ХХІ ғасырға сай келетін бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң жобасын жасауды тапсырды. 

Бір қызығы, 2020 жылдың 6 маусымына дейін 1995 жылғы заң жарамды болып келді. Ондағы бет форматы А4, ал саны небәрі төрт, әріп көлемі 14 болған еді. Заң жобасының авторлары «Анти-Мидас» жүйесін негізге ала отырып 21 беттік мәтін жазып, басқа да құқықтық актілерге көптеген толықтыру енгізді.  

Жоба халыққа жариялағаннан кейін құқық қорғаушылар, азаматтық белсенділер, жиналыстар еркіндігі жөніндегі сарапшылар дабыл қақты. Олардың айтуынша, заңдағы нормалар адам құқығын шектейді, бейбіт жиналыстар ұйымдастырғаны мен оған қатысқаны үшін берілетін әкімшілік жаза ауыр. Бейбіт жиналыстар өткізу жөніндегі ескерту қағазын толтыру мен өткізу қиын, оған бюрократия кедергі. 

Қысқаша айтқанда, заң бейбіт жиналыстар туралы халықаралық стандарттарға, мемлекеттің міндеттеріне сай емес. 

Заң жобасы — ақпарат және қоғамды дамыту министрілігі мен белгісіз бір сарапшылардың туындысы. Айтпақшы, сол сарапшылардың кім екені жобаны парламент қарағанға дейін белгілі болмады. Ал заң жобасы айғай-шудан арылмады:

  • Авторлар сүйенген халықаралық, соның ішінде Еуропа одағы елдерінің тәжірибесі ескірген немесе мүлдем болмаған. Бұған тәуелсіз сарапшы И. Урумованың пікірі дәлел;
  • Ақпарат және қоғамды дамыту министрлігінің азаматтық қоғамымен жасаған диалогы өтірік. 
  • Бейбіт жиналыс өткізу туралы ескерту жасау тәртібі сол баяғы оған рұқсат алу тәртібінен еш айырмашылығы жоқ.  
  • Жиналыстарды арнайы белгіленген жерлерде өткізу керек.
  • Жоба авторлары — бұрынғы ақпарат және қоғамды дамыту министрі Абаев пен сарапшылар және парламенттің бірнеше депутатының жаңа заңның халықаралық стандарттарға 100 % сай деген мәлімдесі  БҰҰ бейбіт жиналыстар мен қоғамдастық еркіндігі бойынша арнайы баяндамашысының пікірінен кейін күлге айналды. Ол халықаралық стандарттар мен қазақстандық заңдардың арасы жер мен көктей екенін айтқан еді. 

Нәтижесінде біз тек қосымша шектеулер енгізілген, жауапкершілікті күшейтетін, қоғамға үнемі орнын көрсететін жаңа жобасына ие болдық. 

 

Адам құқықтары мен демократикалық қоғамды құруда маңызды рөлге ие заңды парламент төтенше жағдай кезінде қарап, бекітті, ал оған қолды әлі бітпеген карантин кезінде қойды. 

 

Тиісінше төтенше жағдайды желеу етіп жұмыс тобына бейбіт жиналыстар еркіндігі саласындағы сарапшылар мен құқық қорғаушыларды, заңгерлер мен белсенділерді алмай қойды. Онымен қоймай, заңның ТЖ және карантин кезінде қаралуын тоқтату, оны халықаралық стандарттарға сай немесе сай еместігін анықтау үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтамақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросына (ДИАҚЖБ), Венециалық комиссияға жіберу керек деген талабын елемеді. 

 

ЗАҢ НЕГЕ ҚАБЫЛДАНДЫ?

 

БҰҰ-ның бейбіт жиналыстар жөніндегі Арнайы Баяндамашысынан басқа Қазақстан билігіне ЕҚЫҰ-ның ДИАҚЖБ-ның директоры, Еуроапалық парламенттің «Еуропаны жаңарту» фракциясының мүшелері, Human Rights Watch, Amnesty International секілді беделді халықаралық құқық қорғау ұйымдары өз көмегін, кеңесін ұсынған еді. Олардың мақсаты — халықаралық стандарттарға сай емес заңның күшіне енбеуін алдын алу. 

 

Заң айғай-шу, төтенше жағдай, карантин, елдің азаматтық қоғамы мен халықаралық ұйымдарының сынына қарамастан қабылданды. Біздің биліктің оған қайшы кез келген ой-пікірді елдегі тұрақсыздыққа апарады деп санауы таңғалдырады. 

 

Шекті ойлау қабілеті, конспирологиялық теориялар және өзгеруге құлықсыздық, өкінішке қарай, бізді басқарушыларға серік болып келеді. Заңның шын мәніндегі негізі — бейбіт жиналыстарды тек тыңшылар, экстремистер, революциянерлер мен «ұрысқақ» адамдар  ұйымдастырады деген берік сенім. 

Енді Алматыдағы Махатма Гандидің ескерткішінің жанындағы алаңдағы қырлы кеспе жолдың неге асфальтқа айналғанын түсіну қиын емес. Биліктің ойынша, қырлы кеспе жол айтқанға көнбейтін халықтың қаруына айналуы мүмкін!  

Кез келген бастама мен азаматтардың өз конституциялық құқығын пайдалану әрекетінен құты қашқан биліктің олардан құтылғысы келуі тыңдайтын емес, тек еститін мемлекеттегі өмірдің метафорасына айналды.   

«Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының негізін қалаушылардың бірі Роман Реймер

 


 

Иллюстрация: Анар Бакенова

Поделиться

Нет комментариев.

26/07/2020 11:36
5347 0

Уведомление