Қазақстанда жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне жаттығу жасатқызуға міндеттелді. Сарапшы мұны адам құқығын бұзу деп есептейді

Бұйрық 10 күн ішінде өз күшіне енеді


05/11/2020
13:15 42593 0

Фото Twitter-ден алынды

 

Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс орнында жаттығу ережелерін бекітті. Енді жұмыс берушілер күн сайын жұмыс күнінің алғашқы жартысында өз қызметкерлеріне 10–15 минут физикалық жаттығу жасатқызуы керек.

 

Бұйрықта жаттығулар тізімі көрсетілген. Оған «бой жазу, денені созу, баяу еңкею, бұрылу, аяқтың ұшымен жүру және қол мен аяқтың айналмалы қозғалысы, отырып тұру» кіреді. 

 

Жаттығу кешені әр 3–4 апта сайын ауысып тұруға тиіс. 

 

Бұйрық он күн ішінде өз күшіне енгізілмек.  

 

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының директоры Евгений Жовтистің ойынша, бұл бұйрық адам құқығын бұзады. 

 

— Жұмыс берушілер де, жұмысшыларды да осылай міндеттеу адамның таңдау құқығын бұзады. Осындай бұйрықпен барлық азаматты жүгіруге күштеуге, одан қалса алкоголь ішу мен шылым шегуге тыйым салуға болады. Мен жұмыс беруші ретінде мұндай міндеттемені елемеймін. 

 

Жұмыс беруші өз жұмысшысын жаттығу жасауға қалай міндеттей алады? Бұл еңбек келісімшартында не заңда қарастырылған болуы керек. Ал бұл бұйрық жоқ заңға сүйеніп жазылған. Ал жұмысшы жаттығу жасамаса, не болады? Жалақысы қысқартыла ма, қуыла ма? Мұның ешбіріне Денсаулық сақтау министрлігінің құқы жоқ, — деді құқық қорғаушы masa.media редакциясына.

 

Поделиться

Нет комментариев.

05/11/2020 13:15
42593 0

Уведомление