Қазақстанда қылмыс жасауға арандатқандарды жауапқа тартпақ

Сонымен қатар шенеуніктер мен олардың отбасына сыйлық алуға тыйым салынды


23/09/2020
12:57 48082 0

Фото: news.qostanay.tv

 

23 қыркүйекте Мәжіліс отырысында депутаттар Сенаттың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнама актісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына енгізген өзгерісін мақұлдаған. Ол өзгеріске президент қол қойса, қылмыс жасауға арандатқандар қылмыстық жауапқа тартылады. Мұны Vласть хабарлады

 

Бұрын заң жобасын талқылау кезінде Сенат депутаттары «Қылмыстық кодекстің 412-1-бабына (“Қылмыс жасауға арандату”) өзгеріс енгізу қажет» деп, құжатты мәжілісмендердің қарауына қайтарып берген еді. 

 

Қылмыс жасауға арандату деген — сотқа дейінгі тергеу және жедел іздестіру қызметкерлерінің тұлғаны әшкерелеп, жауапқа тартуы не бопсалауы үшін қылмыс жасауға итермелеуі. Мысалы, адамға пара беріп, оның алып-алмайтынын тексеру. 

 

Одан бөлек, бұл заң жобасы қабылданса, барлық мемлекеттік қызметкер мен олардың отбасы мүшелеріне кез келген бағадағы сыйлық алуына тыйым салынады.

 

Поделиться

Нет комментариев.

23/09/2020 12:57
48082 0

Уведомление