Қазақстанда төрт белсендінің телефоны Pegasus арқылы тыңдалған — Amnesty International

Елімізде 2 мыңға жуық адам тыңшы бағдарлама арқылы тыңдалған болуы мүмкін


09/12/2021
17:43 36417 0

Фото: guardian.com 

Oyan, Qazaqstan жастар қозғалысының төрт белсендісі — Дархан Шәріпов, Тамина Оспанова, Димаш Әлжанов пен Айзат Әбілсейіттің телефоны Pegasus тыңшы бағдарламасы арқылы тыңдалған дейді Amnesty International. 

 

Халықаралық ұйымның мәліметіне сенсек, белсенділерді біреулер биылғы 3 не 5 маусымнан шілдеге дейін аңдыған. 5 маусымда Oyan, Qazaqstan Алматыда белсенділер бір-бірімен жүздесетін #Seruen іс-шарасын өткізген еді. 

 

Amnesty International Қазақстан құқық қорғау органдарына белсенділерді заңсыз тыңдағандарды жауапқа тартсын деп үндеу тастады. 

 

Жуырда Тамина Оспанова, Димаш Әлжанов пен Айзат Әбілсейіт Apple компаниясынан телефондарын билікке қатысы барлап тыңдап жүрген болуы мүмкін деген хабарлама алды. Олар биліктен аңдығанды тоқтатуды талап етті. 

 

Зерттеуші журналистердің мәліметінше, оннан аса мемлекеттің билігі Pegasus тыңшы бағдарламасын қолданады екен.

 

Журналист, құқық қорғаушы, саясаткерлер мен шенеуніктерді заңсыз тыңдаған елдердің арасында Қазақстан да бар. Зерттеушілер 2 мың Қазақстан азаматы, оның ішінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағдарлама арқылы тыңдалған болуы мүмкін дейді. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

09/12/2021 17:43
36417 0

Уведомление