Қазақстанда Ресейдің «Камызяки» тобының концертіне қарсы петицияға қол жинау басталды

Топ Ресей басып алған Донецк облысында өнер көрсеткен


12/09/2023
17:21 9635 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары Ресей басып алған Украинаның Донецк облысында өнер көрсеткен «Камызяки» тобының Астана мен Алматы қалаларында өтетін концерттеріне тыйым салуға шақырып, қол жинай бастады. 12 қыркүйектегі мәлімет бойынша, ALASH online сайтында жарияланған петицияға қол қойғандар үш мыңнан асқан.

 

«Камызяки» КВН командасына ұлты қазақ, ресейлік әзілкеш Азамат Мұсағалиев жетекшілік етеді. Олардың Донбасстағы концертте «соғысты қолдап» ән шырқағаны желіде кең тарады. Мұнан соң Қазақстанда ресейлік әзілкештердің концерт өткізуіне бойкот жариялауды талап еткендер көбейді.

 

– Біз, қазақстандықтар Украинаның егемендігін қолдаймыз және оған қарсы агрессияны қолдайтын адамдарды елімізде көргіміз келмейді. Біз бейбіт елміз, бейбіт халықпыз, – деп жазған петиция авторы Ирина Торопова.

 

«Камызяки» тобының концерті 5 қазанда Алматыдағы «Алматы арена» сарайында, 7-8 қазанда Астанадағы Конгресс орталығында өтеді деп жоспарланған.

Поделиться

Нет комментариев.

12/09/2023 17:21
9635 0

Уведомление