Қазақстанда онлайн петицияларға арналған бірыңғай сайт іске қосылды

Онда ШОБ өкілдері алғаш болып президентке петиция жазды


04/09/2020
10:55 47672 0

Фото: profit.kz

 

Қазақстанда ТALAP қолданбалы зерттеу орталығы онлайн петицияның бірыңғай сайтын іске қосты. Бұны strategy2050.kz хабарлады. 

 

— Саяси билікке өз пікірімізді жеткізудің бірден бір амалы — онлайн петициялар. Олар Қазақстанда бар. Бірақ біз соларды әр түрлі шет елдік сайттарда жазып жүрміз. Мысалы, Көк Жайлау немесе Іле Алатау ұлттық саябақтары туралы. Бұл петициялар он мыңдаған қол жинады. Алайда оның құқықтық мәртебесі белгісіз. 100 мың қол жинадың делік, енді не болмақ? Сондықтан президенттің ресми онлайн петиция институтын құрып, оған құқықтық құзірет беру керек деген сөзін қолдаймын. Қазақстанда онлайн петиция платформасы жоқ. Сонықтан осындай сайтымызды ұсынбақшымыз — otinish.kz, — дейді орталықтың директоры Рахим Ошақбаев.  

 

Оның айтуынша, петициядағы қолдың шын екенін соны қойған адамның ЖСН мен телефон нөмірі арқылы тексеру қажет. Сол үшін орталық цифрлы дамыту министрлігінен көмек сұрап отыр. 

 

Сайтта петиция пайда болып үлгерді. Онда шағын және орта бизнестің өкілдері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан несие пайызын, орын жалдау ақысын азайтуды, салықтан демалысты ұзартуды өтінді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

04/09/2020 10:55
47672 0

Уведомление