Популярные тэги

Қазақстанда лудомандардың көбі – 30-ға дейінгі жастар

Қазақстандағы құмар ойындар нарығы елдегі ең жылдам өсіп келе жатқан салалардың біріне айналды, деп хабарлайды Masa media.


11/03/2026
16:25 52 0

Қызмет көлемі 20 есе өсті

 

Finprom.kz сарапшыларының айтуынша, 2015–2019 жылдары бұл нарықтың жыл сайынғы айналым 24 млрд теңгеден аспаса, қазір жүздеген миллиард теңгеге жетіп жығылады.

 

«2022 жылы құмар ойындар саласы айтарлықтай қарқынды дамыды. Қызмет көлемі 553,7 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 7,5 есе өсті. Содан кейін нарық сәл тұрақталды, бірақ көрсеткіштер әлі де рекордтық деңгейде қалып отыр», - дейді мамандар.

 

2023–2025 жылдары сала жыл сайын шамамен 470–480 млрд теңге деңгейінде тұрақтап отыр. Бұл соңғы он жылмен салыстырғанда шамамен жиырма есе көп.

 

Бәс тігушілер

 

Ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстанда шамамен 700 мың адам тұрақты түрде бәс тігеді.  Алайда бұл көрсеткіш тек ресми нарықтағы ойыншыларды көрсетеді, яғни лицензиясы бар букмекерлік қызметтерді пайдаланатын адамдарды ғана. Шынайы статистика бұдан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Өйткені «көлеңкелі» сектор да тез өсіп жатыр. Атап айтқанда, лицензиясыз букмекерлік сайттар мен шетелде тіркелген онлайн-казинолардың қызметіне жүгінушілер аз емес.

«Мұндай платформалар Қазақстанда салық төлемейді, ойыншыларды қорғау талаптарын сақтамайды және іс жүзінде жергілікті бақылаушы органдардың бақылауынан тыс орналасқан», – дейді сарапшылар.

Мамандардың дерегінеше, құмар ойынға тәуелді ойыншылардың көпшілігі –30 жасқа дейінгі жастар.

 

фото: ЖИ

Поделиться

Нет комментариев.

11/03/2026 16:25
52 0

Уведомление