Қазақстанда ер адамның орташа жалақысы әйелдікінен 22 % жоғары

Ең үлкен айырмашылық балық аулау және акуамәдениет салаларында байқалады


14/12/2021
12:03 31662 0

Фото: ria.ru

 

Қазақстанда ер адамдардың орташа жалақысы әйелдердікінен 22 % дерлік көп дейді EnergyProm. 

 

2021 жылы әйелдер айына орташа алғанда 202,3 мың теңге, ал ерлер 246,3 мың теңге табады екен. Айырмашылық — 21,7 %. 

 

Ең үлкен айырмашылық балық аулау және акуамәдениет салаларында байқалады. Ерлер онда әйелге қарағанда 70,7 % жоғары жалақы алады. Ал қонақүй, мейрамхана саласында 50,3 %, қаржы және сақтандыру компанияларында 46,6 % көп табады.

 

 

Сарапшылар мұндай жалақы айырмашылығы еңбек саласындағы гендер теңсіздігін көрсетеді әрі назар аударылуы керек мәселе дейді. 

 

Білім және жылжымайтын мүлік саласында әйел, керісінше, ер адамнан көп табады — 9,7 және 7,3 %. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

14/12/2021 12:03
31662 0

Уведомление