Қазақстанда екі бала қызылшадан қайтыс болды


28/12/2023
15:38 10228 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Астана және Шығыс Қазақстан облысында екі бала қызылшадан көз жұмды. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова хабарлады. 

 

Оның сөзінше, қайтыс болған нәрестелер бір жасқа да толмаған. 

 

– Астана және Шығыс Қазақстан облысында қызылшамен байланысты екі адам өлімі тіркелді. Бұл бір жасқа дейінгі, яғни вакцинация жасына жетпеген балалар, – деді Есмағамбетова. 

 

Вице-министрдің айтуынша, бір нәресте шала туған. Патологияға қызылшы қосылу салдарынан қайтыс болған. 

 

25 желтоқсан күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда қызылша жұқтырған 26 815 адам тіркелген. 18-24 желтоқсан аралығында 2 373 адамнан қызылша анықталған. 24 желтоқсанда бір күнде 297 адам қызылшаға шалдыққан.

Желтоқсан басында АҚШ-тың ауруды бақылау және алдын алу жөніндегі орталығы (CDC) қызылша дерті өршіп жатқан елдер тізімін жариялап, Қазақстанды қызылша жұқтырғандар саны бойынша әлемдегі алғашқы үштікке енген еді. ДДСҰ сарапшылары кейінгі жылдары ауру көрсеткіші көбеюін вакцинация деңгейінің төмендігімен байланыстырады.

 

Поделиться

Нет комментариев.

28/12/2023 15:38
10228 0

Уведомление