Қазақстанда дельфинарийлер жабылуы мүмкін

Билік зообақтарда жабайы жануарларды ұстауға тыйым салмақ


08/09/2020
15:01 42082 0

Фото: zagranitsa.com

 

Қазақстанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасына жабайы жануарларды, соның ішінде дельфиндерді зообақта ұстауға тыйым салу нормасы енгізілді. Бұны ҚазАқпарат хабарлады

 

— «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасына елдегі дельфинарийлерді жабу туралы норма енгіздік. Кейінгі кезде бізге қазақстандық және халықаралық құқық қорғаушылар дельфинарийлерді жабу мәселесі бойынша жүгінгенін білесіздер. Сол себепті бұл норманы әзірледік. Онда дельфинарийлерге ғана емес, басқа да жабайы жануарларды ұстауға қатысты тыйым бар, — деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев үкімет брифиңінде. 

 

Сонымен қатар министр аталған заң жобасы әзір екенін айтты. Үкімет келісім берсе, ол жақын арада парламент қарауына өтеді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

08/09/2020 15:01
42082 0

Уведомление