Қазақстанда 9 мамырда әскери парад болмайды

Қазақстанда әскери парад болмайды


13/04/2022
12:54 30356 0

Қазақстанда 9 мамырда әскери парад өткізу жоспарланбаған. Бұл жөнінде қорғаныс министрлігі хабарлады. 

 

— 2022 жылы ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл және Жеңіс күніне орай әскери парад өткізу жоспарда жоқ, — делінген Қорғаныс министрлігі таратқан мәлімдемеде. 

 

Бұдан бөлек, министрлік таратқан ақпаратта Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қарулы күштердің қатысуымен жекелеген шаралар өтетіні жөнінде айтылған. Республика бойынша 50  іс-шара өткізу жоспарлануда. 

 

Былтыр 9 мамырда әскери парад коронавирус эпидемиясына байланысты өткен жоқ болатын. 

Поделиться

Нет комментариев.

13/04/2022 12:54
30356 0

Уведомление