Қазақстанда 1 726 адам жаппай тәртіпсіздік кезінде жапа шеккен

3 мың полиция қызметкері жарақаттанған


17/02/2022
11:38 36872 0

Фото: tengrinews.kz

 

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 1 726 азамат жарақаттанған. Мұны ІІМ тергеу басқармасының басшысы Санжар Әділов брифиңде хабарлады дейді Vласть. 

 

Олардың көбіне оқ тиіп, пышақ жарақатын алған. Алматыда 686, Алматы облысында 336, Қызылорда облысында 164, Жамбыл облысында 153, Шымкент пен Шығыс Қазақстан облысында 126 адам ауруханаға көмек сұрап барған. 

Әділовтің сөзінше, жапа шеккендердің кейбірі мемлекеттік мекемелер мен әскерилерге шабуылдағанда жарақаттанған. Мұны бірнеше видео дәлелдеген. 

ІІМ өкілі 3 мың әскери және полиция қызметкері жарақат алған дейді. Оның 273-і ауруханада, біразы жансақтау бөлімінде жатыр. 

18 қаңтарда денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният төтенше жағдай енгізілгеннен кейін 2 739 адам медициналық көмек алды деген еді. Сол күні ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 911 күш құрылымы қызметкері жарақат алғанын хабарлады.

 

Поделиться

Нет комментариев.

17/02/2022 11:38
36872 0

Уведомление