Қазақстан жемқорлық жайлаған елдер қатарында қалды


31/01/2024
12:56 7558 0

 

Transparency International жемқорлықты зерттеу ұйымы 2023 жылдың Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бойынша жемқорлықты қабылдау индексін жариялады. 

 

Былтырғы жылғы зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстанның көрсеткіші – 39 балл. Бұған дейінгі зерттеуде Қазақстан көрсеткіші 36 балл болған. Зерттеу шкаласы – 0 балл жемқорлыққа белшесінен батқан ел болса, 100 балл ол мүлде жоқ ел. Қазақстан 180 елдің арасында 93 орында. 

 

Ұйымның мәліметінше, Қазақстанның рейтингіде үш сатыға көтерілуіне Қаңтар оқиғасынан кейін азаматтық белсенділіктің артуы ықпал еткен. Халық арасында белсенділіктің артуы билікті "жемқорлыққа қарсы бірқатар реформа жүргізуге" итермелеген.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

31/01/2024 12:56
7558 0

Уведомление