Қазақстан мұнай тасымалдаудың балама жолын іздеуде

«Каспий құбыр желісі консорциумының» екі бірдей құбыры істен шықты


24/03/2022
10:31 35970 0

Қазақстан энергетика министрлігі «Каспий құбыр желісі консорциумы» теңіз терминалы істен шаққаннан кейін, мұнай тасымалының балама жолын іздеп жатқанын мәлімдеді. 

 

«Каспий құбыр желісі консорциумының» Новороссийск түбіндегі құбыры қатты дауылдан кейін істен шыққан. Консорциум құбырларды қалпына келтіруге үш аптадай уақыт кететін мәлімдеген. 

 

Қазақстан батыс елдеріне мұнайын негізінен «Каспий құбыр желісі консорциумы» арқылы тасымалдайды. Құбыр арқылы әлемдік нарыққа тәулігіне 1,2 миллион баррель мұнай шығарылады. Ол әлемде шығарылатын қара алтынның 1,2 пайызын құрайды. 

 

Қазақстан мұнайын Chevron, Exxon Mobil, Eni және Shell компаниялары өндіреді.

Поделиться

Нет комментариев.

24/03/2022 10:31
35970 0

Уведомление