Қазақстан мен Украина бір-біріне құқықтық көмек береді

Мәжіліс «Қазақстан мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заңына қол қойды


16/09/2020
14:13 47506 0

Фото: liter.kz

 

Парламент Мәжілісі «Қазақстан мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Мұны Vласть хабарлады. 

 

Егер осы шартқа Сенат пен президент қол қойса, екі елдің құқық қорғау органдары қылмыстық істерге қатысты мәлімет алмасып, біріккен тергеу тобын құра алады. 

 

Мәжіліс депутаты Василий Олейниктің айтуынша, кейінгі 2 жыл 8 айда Қазақстан Украинадан 44 рет, Украина Қазақстаннан 13 рет құқықтық көмек сұраған. Сонымен бірге Украинадағы қылмыстық жауаптан қашып жүрген Қазақстанның бес азаматы елге әкелінді. Енді тағы бесеуі Қазақстанға табысталмақ.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

16/09/2020 14:13
47506 0

Уведомление