Қазақстан Медиа Альянсы журналистиканың басты қағидаларын жасамақ

Оларды ұстану міндетті емес


13/08/2020
15:05 48052 0

Фото дереккөзі: dw.com

 

Қазақстан Медиа Альянсы қазақстандық медианың басты қағидалар тізімін жасауды бастады. Бұл туралы ұйымның сайтында жазылған

 

Әлеуметтік желінің дамуы мен ақпарат таратудың жаңа жолдары дамыған уақытта негізгі принциптер деген — кәсіби стандарттар мен кәсіби этика талаптарын мейлінше дәл көрсететін қағидалар. Осы негізгі принциптер Қазақстандағы медиа сүйенетін жаңа өзін-өзі реттеу жүйесінің негізі болмақ. Медиа қызметінің дәлме-дәл белгіленген принциптері мен өзін-өзі реттеу тетіктері болуы өте маңызды. Бұл тек кәсіби журналистерді ғана емес, азаматтық журналистерді, медиа саласының өзге де өкілдерін қорғауға мүмкіндік береді, — делінген сайтта.  

 

Сонымен қатар онда журналистерге қағидаларды ұстану міндетті болмайтыны жазылған. 

 

Негізгі принциптерді сақтау тек қана ерікті түрде жүзеге асады, бұл принциптер еліміздегі сөз бостандығын шектемейді немесе оған басқалай зиян келтірмейді. Керісінше, Негізгі принциптердің болуы және оны сақтау медиаға сенімді арттырып, билік органдары, БАҚ қожайындары немесе аудитория тарапынан болатын қысымнан қорғайтын қосымша механизм болмақ, — делінген ұйымның хабарламасында.

 

Әр қазақстандық журналист тізімді талқылауға, оны жасауға көмектесе алады. Өз ұсыныстарыңызды ұйымның электрон поштасына жібере аласыздар. Мекен-жайы: media.principles.kz@gmail.com

 

Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба журналистер қағидаларына қатысты Қазақстандағы бірінші жоба емес. 2012 жылы Журналистер одағы мен Бас редакторлар клубы Журналист этикасының кодексін жасаған еді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

13/08/2020 15:05
48052 0

Уведомление