Қазақстан мамандары жоғалған қазақстандықтарды құтқару үшін Хатайға аттанды

Бұған дейін Хатай провинциясында екі қазақстандықтың үйінді астында қалғаны хабарланған


09/02/2023
14:31 16381 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Түркияда жоғалған қазақстандықтарды құтқару үшін Қазақстан мамандары Хатай провинциясына аттанды. Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады. 

 

Бейсенбі күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркиядағы іздеу-құтқару жұмыстары жөнінде төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин есеп берген. Ол 9 ақпанда Қазақстан мамандары Хатай провинциясына жоғалған қазақстандықтарды іздеу үшін баратынын айтқан. 

 

– Әзірше аман қалған 4 адам құтқарылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен құтқарушылар мен кинологтар тобы хабарсыз кеткенҚазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Хатай қаласына барды, делінген Ақорда хабарламасында. 

 

Бір күн бұрын Түркияның Хатай провинциясының Антакия қаласында үйінді астында қалып қойған қазақстандық Сәбина Мамадиярова құтқарылған. Қазір сол жерде тағы екі Қазақстан азаматы Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековты құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін олардың туыстары қираған ғимаратты аршуға кран жоғын айтып, көмек сұраған. 

 

Түркия мен Сирияда 6 ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12 мыңнан асты. Түркияда зардап шеккендер 53 мыңнан асқан. Сирияда зардап шеккендер саны туралы мәлімет жоқ.

Қазақстан СІМ Түркияда жер сілкінісінен кейін үш қазақстандық азамат жоғалып кеткенін хабарлаған.

Поделиться

Нет комментариев.

09/02/2023 14:31
16381 0

Уведомление