Қазақстан Франциядан жойғыш ұшақтар сатып алмақ


27/11/2023
12:08 6510 0

Фото: Dassault Aviation

 

Қазақстан Франциядан көп салалы жойғыш ұшақтар сатып алмақ. Бұл жөнінде La Tribune газеті жазды. 

 

Басылым мәліметінше, Rafale ұшақтарына Қазақстан мен Өзбекстан қызығушылық танытқан. Ресми Ташкент 2ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр. 

 

Францияның бұл әскери ұшағын Үндістан, Греция, Катар және Мысыр бірнеше жылдан бері пайдаланып келеді. 

 

Rafale – төртінші санаттағы көп салалы жойғыш ұшақ. Оны Францияның Dassault Aviation компаниясы құрастырған. Әуеге алғаш рет 1986 жылы көтерілген. Франция әскери теңіз және әскери әуе күштері арсеналына 2004 және 2006 жылдары алынған. 

 

Қараша айының басында Франция президенті Эммануэль Макрон Орталық Азияға сапарында Қазақстан мен Өзбекстанға келіп, екі ел басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев және Шавкат Мирзиеевпен кездескен. 

Поделиться

Нет комментариев.

27/11/2023 12:08
6510 0

Уведомление