Қазақстан «Бәсе» YouTube арнасының авторларына іздеу жариялады

Оларға «Әлеуметтік, ұлттық, діни алауыздық қоздыру» бабы бойынша айып тағылған


24/10/2023
10:41 11466 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Қазақстан «Бәсе» YouTube арнасының авторлары, ерлі-зайыпты Наталья және Айдос Садықовтарға іздеу жариялады. Бұл жөнінде Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми сайтында жарияланды. 

 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Сыдықовтарға «Әлеуметтік, ұлттық, діни алауыздық қоздыру» бабы бойынша 23 қазандағы сот санкциясына байланысты іздеу жарияланған. 

 

Наталья Садықоваға Қазақстан билігі 2014 жылы іздеу жариялаған. Ол кезде Садықова мәжілістің бұрынғы депутаты Марал Итеғұловтың ар-намысын қорлады деп айыпталған. Кейіннен ол Украина астанасы Киев қаласына екенін айтқан. 

 

2012 жылы Ақтөбе соты оппозиция белсендісі Айдос Садықовты «полицейлерге қарсылық көрсетті» деп екі жылтүрмеге жапқан. Садықовтар өздерінің үстінен қозғалған істердің «саяси астары» бар деген еді.

Айдос Садықов 2010 жылға дейін сол кездегі 
«Азат» жалпы-ұлттық социал демократиялық партиясының Ақтөбе филиалының жетекшісі болды. Сол жылы ол партиядан кетіп, «Гастат» қоғамдық қозғалысын құрды. Ол қозғалыс қытайлық «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясында тәуелсіз кәсіподақтардың құрылуына мұрындық болды. Садықов мұнайшылар құқығының бұзылмауын талап еткен акциялар өткізіп көзге түскен.

Кейін Садықов та елден кетіп, әйелі Наталья Садықова екеуі Киевте тұрған. Олар 2014 жылы 
«Бәсе» деп аталатын Youtube канал ашып, билікті сынайтын видеолар жариялай бастаған. «Бәсеге» қазір 996 мың адам жазылған.

Поделиться

Нет комментариев.

24/10/2023 10:41
11466 0

Уведомление